COVID-19 вирусы әлемнің 188 еліне тарады

15 Маусым 2020, 12:26
1100
Бөлісу:
COVID-19 вирусы әлемнің 188 еліне тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 Маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 7,9 миллион адамнан асты. Пандемия 188 елді қамтыды. 

Бұл мәлімет Джонс Хопкинс университетінің жобасында жарияланған.

Жобадағы ақпарат бойынша, әлемде вирусты 7 900 924 адам жұқтырған. Жұқпалы аурулар санының өсімі тәулігіне 123,8 мыңды құрады. Пандемия басталғалы 433 066 науқас қайтыс болды, ал 3,76 миллион адам сауығып кетті.

SARS-CoV-2 - ден ең көп зардап шеккен ел-АҚШ (2 миллионнан астам жұқтырған). Екінші орында Бразилия (867,6 мың адам), Ресей (528,2 мың адам) үшінші орында. Үндістан (320,9 мың) жақында Ұлыбританияны  (297,3 мың) озып төртінші орынға көтерілді. Рейтингтің ондығына Испания, Италия, Перу, Франция және Германия кіреді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда вирусты 14809 адам жұқтырды.Оның 9188 емделіп шығып, 77-сі көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы