COVID-19. Үндістанда бір күнде 19 мыңнан аса науқас тіркелді

2 Қаңтар 2021, 17:17
1067
Бөлісу:
COVID-19. Үндістанда бір күнде 19 мыңнан аса науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 19 079 жағдайы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап NDTV телеарнасы хабарлады, деп жазды RT.

Елдегі COVID-19 пациенттерінің жалпы саны 10 305 788-ге жетті.

24 сағат ішінде елде коронавируспен ауыратын 224 науқас қайтыс болды.

Жалпы, Үндістанда COVID-149 салдарынан 218 19 адам көз жұмды.

Бұған дейін Үндістанда COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ресейлік вакцинаны сынау басталғаны туралы хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы