COVID-19. Ұлыбританияда ересек тұрғындардың 88%-дан астамы екпе алды

3 Тамыз 2021, 13:37
5455
Бөлісу:
COVID-19. Ұлыбританияда ересек тұрғындардың 88%-дан астамы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританиядағы ересек тұрғындардың 88%-дан астамы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, 72%-тен астамы екінші дозасын қабылдаған.

Алайда коронавирустың таралу деңгейі әлі де төмендеген жоқ. Өткен тәулікте 21 952 адам індетке шалдыққан. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 5 902 354-ке дейін өскен. Көз жұмған адамдардың жалпы саны 129 743-ке жетті.

Жақында Ұлыбритания көптеген шектеуді алып тастады. Ғалымдар карантинді жеңілдету вирустың қауіпті штамдарының таралу ықтималдығын арттыруы мүмкін деп ескертеді.

АҚШ ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға бір табан жақындады. Ересектерге арналған COVID-19 вакцинациясының мақсаты іс жүзінде орындалды. Жаңа типтегі коронавирустық вакцинаның кем дегенде бір дозасын 18 жастан асқан адамдардың 70% алды. Американың ересек тұрғындарының 60,6%-і толығымен вакцина алды.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19 вирусына шалдығудың 35 миллионнан астам жағдайы тіркелген, 613 488 адам ауру салдарынан қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы