Covid-19: Теңіз кенішінің тағы үш жұмысшысынан вирус анықталды

30 Сәуір 2020, 00:40
1590
Бөлісу:
Covid-19: Теңіз кенішінің тағы үш жұмысшысынан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Теңіз кенішінің тағы үш жұмысшысынан​ ​ вирус анықталды​.​ 

Облыстық төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, 4 адамнан (29 сәуір, 22:25-тегі жағдай бойынша) инфекция белгісі расталған.

Науқастардың екеуі​ 1989 жылы туған, біреуі​ 1969​ жылы туған ер адамдар. Олардың барлығы – Теңіздегі мердігер мекеме жұмысшылары. Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған.

Төртінші науқас​ 1969 жылғы әйел адам. Ол бұған дейін қауіпті топтың қатарында болған. Әйел адам жоспарлы ПЦР тестілеуден өтті. Нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталды. Осылайша, Атырауда вирустың жаңа ошағы анықталып отыр. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында залалсыздандыру жүріп жатыр, - делінген өңірлік жедел штабтың хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы