Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-дың жылдың суық мезгіліндегі өміршеңдігі толық зерттелмеген. Алайда, тұмау вирусы қыс мезгілінде белсенділігі жоғары болатындығы белгілі. COVID-19-да ұқсас әрекет етуі әбден мүмкін.
Тұмаумен және ЖРВИ-мен ауырған адамдардың коронавирусты жұқтыру қаупін екі есе артық, өйткені бұл жұқпалы аурулар адам ағзасы мен иммунитіне ауыр салмақ түсіреді.Сонымен қатар суық мезгілде адам ағзасының инфекцияларға төзімділігі төмендейді, ал COVID-19 жұқтыру қаупі артады.
2020 жылдың соңғы 3 айында Қазақстанда 771 524 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде қазан айында – 267 133 жағдай, қарашада – 254 140, ал желтоқсан айында – 250 251 жағдай тіркелген.