COVID-19: Отандық спортшылар дәрігерлерге алғыс білдірді

23 Сәуір 2020, 16:15
1807
Бөлісу:
COVID-19: Отандық спортшылар дәрігерлерге алғыс білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар адам жанына араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға арнап видео-үндеу жолдады.  

Қазіргі таңда бар әлем коронавирус індетімен күресуде. Тосыннан келген індет кезінде медицина қызметкерлері мен дәрігерлер өз өмірлерін қатерге тігіп, алдыңғы шепте жүр.  

Италия және Ресей бастаған әлемдік акцияны отандық спортшылар мен Қазақстан спортының ардагерлері де жалғастырды. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және олимпиадалық спорт түрлерінен ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.  


#teamKZwithYOU жобасына еліміздегі спорттық қоғамдастық атынан төмендегі спортшылар атсалысты: Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Юлия Галышева (фристайл-могул), Марина Вольнова (бокс), грек-рим күресінің өкілдері Асхат Ділмұхамедов пен Хорлан Жақанша, дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Ерлан Серікжанов, еркін күрес шебері Әлішер Ерғали, гимнаст Нариман Курбанов, фристайл-акробатикадан команда мүшесі Жанбота Алдабергенова, ватерполшы Мирас Әубәкіров, таеквондошы Смайыл Дүйсебай, боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Қамшыбек Қоңқабаев, Жәмила Бақбергенова (әйелдер күресі), шорт-трекші Абзал Әжіғалиев, каратэші Софья Берульцева және апалы-сіңлілі Александра және Екатерина Немичтар (әртістік жүзу) бар.  

Спортшылар бүгінгінің батыры рекорд орнатып, әлемдік тұғырда атой салған өздері емес, адамзатты құтқару үшін бар күшін жұмсап жатқан дәрігерлер екенін айтып, ақ халатты жандарға алғыс білдірген.  

Бүгін сіздерді жігерлендіретін біз емес  

Ең мықты да біз емес 

Ең батыл да біз емес 

Тәуекелшіл де емеспіз 

Бүгін әлем рекордын жаңартушы біз емес 

Қайраткер де емеспіз 

Бүгін сіздерге үміт сыйлайтын да біз емес 

Батыр да емеспіз 

Үздік те емеспіз 

Жеңімпаз да емеспіз 

Табанды да емеспіз 

Қайратты да емеспіз 

Бүгінгінің батыры – Сіздер Сіздер жансақтау бөліміндесіздер 

Сіздер зертханадасыздар 

Сіздер жедел жәрдемдесіздер 

Сіздер нағыз жауынгерсіздер 

Сіздер біздің үмітімізсіздер 

Шын жүректен Қазақстан спортшылары  

Сіздерге алғыс айтамыз Көп рахмет. 

Мың алғыс!, - делінген үндеуде.

Өзгелердің жаңалығы