COVID-19: Алғаш Ресейде тіркелген вакцинаның суреті жарияланды

12 Тамыз 2020, 09:33
1324
Бөлісу:
COVID-19: Алғаш Ресейде тіркелген вакцинаның суреті жарияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Денсаулық сақтау министрлігі әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы болып тіркелген вакцинаның суретін жариялады.

Гам-КОВИД-Вак - адам аденовирусы негізінде жасалған векторлы екі компонентті вакцина.

1597203160_755971405327641.jpg

ДСМ мәліметінше, вакцина қауіпсіздіктің барлық қажетті сынағынан сәтті өткен. Сондай-ақ, бірнеше жануарға (кеміргіштер, приматтар) тәжірибе жүргізу барысында тиімділігін дәлелдеген. Вакцина екі топтан құралған еріктілерге (әр топта 38 адамнан) салынып, сыналды.

Вакцинаның құрамында COVID-19 вирусының компоненттері жоқ. Екі рет егу арқылы жасалатын вакцина ұзақмерзімді иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді. Векторлы (екі мәрте салынатын) вакциналарды салу тәжірибесіне сүйенсек, ол екі жылға дейін иммунитетті қалыптыстыруға көмектеседі. 

1597203170_755971395058654.jpg

Ресей Президенті Владимир Путин вакцинаның тіркелгені туралы 11 тамызда хабарлады. Оның айтуынша, вакцина салғаннан кейін аса қауіпті жанама әсерлер болмайды және ол өз тиімділігін дәлелдеді. Президенттің сөзінше, оның қыздарының бірі де екпе жасатқан. 


Өзгелердің жаңалығы