Covid-19. Барлық облыста бірқатар жүйелі проблема бар - министрлік

<p> </p> <h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардың Covid-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындығы пысықталды. </p> <br> </h4>

 3 Қазан 2020 2020, 23:57
3 Қазан 2020 2020, 23:57
1866

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардың Covid-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындығы пысықталды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен "МСАК ұйымдарының COVID-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға  дайындығы" тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Жиынға амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары мен өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

Өңірлер мобильді, ЖМК бригадаларымен, сондай-ақ пульсоксиметр, термометр, ЖҚҚ қамтамасыз етілгенімен, барлық облыста бірқатар жүйелі проблема барын атап өткен жөн. Осыған байланысты біз семинар-тренинг ұйымдастырдық,-деді вице-министр.

Семинар барысында МСАК ұйымдарының басшылары ЖРВИ және COVID-19 шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге дайындық барысымен бөлісті.

Наверх