Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 үшін пандемия мәртебесін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылық комитеті маған пандемиядан «төтенше жағдай» мәртебесін алып тастауды ұсынды. Мен бұл кеңесті құп көріп, пандемияның аяқталғаны туралы жариялаймын, - деді Тедрос Гебрейесус.
Дегенмен ДДСҰ басшысы коронавирустың ешқайда кетпегенін айтып, адамдарды жұқтырып, зиян келтіретінін еске салды. Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері әлемде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болды.