COVID-19: Өткен тәулікте әлемде 537 мыңнан астам адам індет жұқтырды

29 Мамыр 2021, 14:14
10586
Бөлісу:
COVID-19: Өткен тәулікте әлемде 537 мыңнан астам адам індет жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте әлемде коронавирустық инфекция диагнозы 537 000-нан астам адамға жаңадан қойылды. Науқастардың басым бөлігі Үндістанда, Бразилияда, Аргентинада анықталған. 

Сонымен қатар, Украина індеттен өлім-жітімнің күнделікті көрсеткіші бойынша еуропалық ондыққа кірді. Осылайша, Украина, Еуропадағы жаңа инфекциялар саны бойынша әлем елдерінің арасында 24-ші, ал тәуліктік өлім-жітім бойынша 3 орында.

Ресейде коронавирусты жұқтырғандар мен індеттен сауыққандар саны күніне шамамен бірдей деңгейде тіркеледі. Ресейде коронавирустық инфекцияның расталған жағдайларының саны өткен тәулікте 9 252-ге, ал емделушілер саны 9 385-ке, 4 661 234-ке дейін өсті. Сауығып шыққандардың үлесі 92,4% - ды құрады. Жедел штабтың мәліметтері бойынша науқастар санының өсуі салыстырмалы түрде 0,28% құрады. Бұл өте оптимистік көрсеткіш. Мамандар бұл жағдайды вакцинациялау статистикасымен байланыстырады.

Бразилияда өткен тәулікте COVID-19-дан 2,2 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Латын Америкасына қарасты осы елде Сovid-19 асқынуынан зардап шеккендердің жалпы саны 456 674 адамға жетті. Тек 27 мамырда республикада SARS-CoV-2-ны тасымалдаушы тағы 67 467 адам анықталды. Пандемия басталғалы Бразилияда коронавирус инфекциясының жаңа типін жұқтырған 16 342 162 адам анықталды.

Аргентинада COVID-19-ды жұқтырған тұрғындардың күнделікті өсімі 40 мыңнан астам жағдайға жетті. Бұл пандемия басталғаннан бері ең жоғары күнделікті көрсеткіш болды. Коронавирустық инфекцияның таралу статистикасы қатаң карантиндік шараларға қарамастан, бұрынғы рекордтық көрсеткіштерден асып түсуде. Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустан 551 адамның өлімі расталды.

Чилиде Сovid-19-ды жұқтырудың жаңа 8 680 оқиғасы тіркелді, бұл пандемия басталғаннан бері елдегі ауруды жұқтырудың саны бойынша тіркелген екінші үлкен көрсеткіш. Соңғы ресми есеп бойынша интенсивті терапия бөлімшелерінің толымдылығы мемлекеттік және жеке медициналық ауруханаларда 76,2% - ға жетті. Барлық пациенттер Чили халқының үштен бір бөлігі тұратын елорда мен оның шеткері аймағының тұрғындары екендігін атап өту керек.

Колумбияда бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 25 мыңнан астам жағдайы анықталды. Карантиндік шараларға, 1 маусымға дейін құрлық пен өзен шекараларын кесіп өтуге тыйым салынғандығына қарамастан елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 3 319 193-ке жетті. Өткен тәулікте Колумбияда коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастардың 513 өлімі тіркелді. Өлім-жітімнің жалпы саны 86 693-ке жеткен.





Өзгелердің жаңалығы