COVID-19: Әлемде індетке шалдыққандар саны 13 млн-нан асты

14 Шілде 2020, 08:45
980
Бөлісу:
COVID-19: Әлемде індетке шалдыққандар саны 13 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 13 млн-нан асты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейлік агенттіктің халықаралық ұйымдар мен федералды және жергілікті биліктердің мәліметтері негізінде есеп жүргізетін Джон Хопкинс университетінің мәліметтеріне сүйене отырып келтірген деректеріне қарағанда, әлем бойынша қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 570 776 адамды құрап отыр.

Университет деректері бойынша, коронавирусты 13 006 764 адам жұқтырып, 570 776 адам көз жұмған. Вирусты жұқтырушылардың басым бөлігі АҚШ-тың (3 346 246) үлесінде. Одан кейін Бразилия (1 864 681) мен Үндістан (878 254) тұр.

Ресей болса, тіркелген жағдайлар бойынша төртінші орынға табан тіреген. Коронавируспен күрес жөніндегі Федералды жедел штаб мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясында вирус жұқтырғандар саны 733 699 адамды құраған, олардың 504 021-і емделіп шыққан. 11 439 адам қайтыс болған.


Өзгелердің жаңалығы