Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен қайталап ауыру әлемнің бірнеше елдерінде тіркелгені жайлы РБК және REGNUM хабарлады.
АҚШ-тың Невада штатының 25 жастағы тұрғыны COVID-19-ды қайталап қалған. Йель университетінің иммунобиология және молекулалық биология саласы бойынша маманы Акико Ивасаки өзінің Twitter-дегі парақшасында пациенттің араға 48 күн салып вирус қармағына қайта түскенін жазыпты. Ивасаки невадалықтың ағзадағы қорғаныш қызметі оны қорғап қала алмағанын, екінші ретінде аурудың ауырырақ жүргенін хабарлаған.Егер естеріңізде болса, бұдан бұрын Қытайда да КВИ-ден қайталап ауру тіркелгені жайлы жазған едік. Ал енді Еуропада екі, Гонкогте бір рет қайталау анықталды.
Гонконгтегі 33 жасар ер адам COVID-19-мен 4 жарым ай бұрын ауырып жазылып шыққан екен. Дәрігерлер оның қайталап вирус шырмауына түсуін Испанияға барған сапарына байланысты дейді. Өйткені бұл жолғы вирус штаммы алғашқысынан өзгеше, Еуропада шілде-тамыз айларында билік жүргізген вирус штаммына өте ұқсас деген ұйғарым ұстанып отыр.