Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 29 маусымдағы ақпаратты жариялады.
29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (–22 746 + және 1276 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 125 пациент стационарда, 16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 485 адамның жағдайы ауыр, 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
27 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56942, 987 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52220-ға жетті.