Комитет төрағасы COVID-19 жұқтыру деңгейі 7%-дан асып кеткен өңірлерді атады

18 Мамыр 2020, 16:15
1288
Бөлісу:
Комитет төрағасы COVID-19 жұқтыру деңгейі 7%-дан асып кеткен өңірлерді атады
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен аптада өсім деңгейі 7%-дан жоғары болған өңірлер қатарында Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстары бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтылды.

Эфирде қонақта болған ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев еліміздегі коронавирус инфекциясының жалпы таралу, ем-дом жасау жағдайымен бөлісті.

Қазіргі таңда елімізде 6440 науқас коронавирус инфекциясымен тіркелді. Оның 3150-і ем қабылдауда. 3256 адам дерттен жазылып шықты. Өткен тәулікте 283 вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 187-сі белсенді скрининг жасау нәтижесінде анықталып отыр. Ал 69 жағдай байланыста болғандар арасынан табылса, медорталыққа өздері келгендер саны, небәрі – 18 адам. Өткен тәулікте еліміздің екі өңірінен – Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облысынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бір апталық жағдайды алып қарайтын болсақ, 1350 адамнан коронавирус анықталып, өсім деңгейі 2-5% аралығын көрсетті. Сырттан келген 4% вирус жұқтыру жағдайының дені - Ресейден, тағы аз көлемі Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген, - деді ол. 

Комитет төрағасы өңірлердегі жағдайды үш топқа бөліп қарастырылғанын мәлімдеді.

Өткен аптада өсім деңгейі 7%-дан жоғары өңірлер қатарында Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстары бар. Екінші топта өсім деңгейі 7%-дан төмен аймақтар тұр. Олар: Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Үшінші топта вирус жұқтыру деңгейі 5%-дан төмен өңірлер: Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Жалпы, карантин талаптарын жеңілдету шаралары қолға алынғалы бері әлі де болса, сақтану керегі жайлы жергілікті атқарушы органдар мен жедел штаб өкілдеріне айтылды, - деді ол.

Тимур Сұлтанғазиевтың айтуынша, сәуір айының басында бір күнде 6 мың тестілеу жүргізілсе, өткен аптада күн сайын 23 500 тестілеу жүргізілген.

Өзгелердің жаңалығы