COVID-19-дан 2 млн адам көз жұмды

16 Қаңтар 2021, 18:08
1431
Бөлісу:
COVID-19-дан 2 млн адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-дан екі миллион адам көз жұмды, деп жазды news.un.org. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы коронавирусқа қарсы күресте, әсіресе вакцинаны таратуда ынтымақтастық танытуға шақырды.

Бұл сандардың артында адамдар тұр. Олардың жүзін енді ешқашана көрмейтін жақындары тұр. Көз жұмған екі миллион адамның құрметіне әлем ынтымақтастықтың шынайы үлгісін таныту керек, - деді ол.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш өз сөзінде бұған кінәлі вирус қана емес, жаһандық деңгейдегі ұйымдастырушылықтың жоқтығы екенін атап өтті.

Оның айтуынша, табысы жоғары елдер вакцинаға тезірек қол жетікізеді. Ал кедей мемлекеттердің оған шамасы жоқ. Кейбір ел күмәнді келісімшарттар жасап, қыруар вакцина сатып алуда. Ал билік өз елінің қауіпсіздігі мен оны қорғау үшін жауапты.

«Вакциналық ұлтшылдыққа» жол бермеу керек. Бұл жаһандық қалыпқа келу процесін тек тежей түседі. COVID-19-ды әр ел жалғыздан күресіп жеңуі мүмкін емес. Алайда ғылым алға жылжыған сайын, ынтымақтастық одан алшақтап барады, - деді ол.

Антониу Гутерриш вакцинаға жалпы әлемдік қажеттілік деп қарау тиіс екенімізді атап өтті. Оның ойынша, бұл арада бәсекелестік болмауы керек және әлем елдері оған тегін қол жеткізулері тиіс. Сондықтан ол коронавирусқа қарсы вакцинаны «халықтык вакцина» деп атауды ұсынып, БҰҰ жасаған COVAX вакцинасына қолжетімділікті қаржыландыру механизмін қарастыруды ұсынды.

Вакцинаны өндірушілер жауапкершілік танытып, COVAX механизмімен әріптестік орнату арқылы барлық елге қажетті көлемдегі вакцина әділ жеткізілуі тиіс. Вакцинаның артық дозасымен бөлісу міндеті жүктелу керек. Әлем вирусты тек ынтымақтасу арқылы жеңе алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы