Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация енгізілетінін жоққа шығармады. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Роберто Сперанца Италия Еуропада бірінші болып медицина қызметкерлеріне міндетті вакцинация енгізгенін, кейін басқа елдер оның үлгісін іске асырғанын еске салды.
Жапонияда желтоқсан айына дейін сандық егу паспорттары енгізіледі. Қазіргі уақытта елде иммунизацияны растайтын қағаз сертификат алуға болады. Цифрлық паспорттар, ең алдымен, шетелге сапар шегу кезінде пайдаланылады деп болжанады.
Франциядағы санитариялық өткізу аймағының кеңеюіне қарсы наразылық акциясына 140 мыңнан астам адам келді. 9 тамыздан бастап француздар дәмханаларға, мейрамханаларға, мұражайларға, кинотеатрларға, сауда орталықтарына барған кезде, сондай-ақ, алыс теміржол және әуе сапарлары кезінде рұқсат қағазын ұсынуы керек.