COVID-19. Індет жұқтырған 5 адамның жағдайы ауыр

30 Маусым 2022, 11:10
1221
Бөлісу:
COVID-19. Індет жұқтырған 5 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымдағы мәлімет бойынша, 627 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 583-і – КВИ+ және  44-і – КВИ- деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.    

Олардың ішінде 99 пациент стационарда, 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 5 адамның жағдайы ауыр. Өте ауыр жағдайдағы және өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныстап жатқан науқас жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта. 

Айта кететін жайт, өткен тәулікте 137 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 26,

Алматы қаласында - 77,

Шымкент қаласында – 6,

Ақмола облысында – 4,

Ақтөбе облысында 0,

Алматы облысында - 5,

Атырау облысында - 4,

Шығыс Қазақстан облысында - 0,

Жамбыл облысында - 1,

Батыс Қазақстан облысында -0,

Қарағанды облысында - 9,

Қостанай облысында -0,

Қызылорда облысында -1,

Маңғыстау облысында - 1,

Павлодар облысында - 2,

Солтүстік Қазақстан облысында - 0,

Түркістан облысында - 1.

Өткен тәулікте сондай-ақ 47 адам коронавирустан жазылды.

Өзгелердің жаңалығы