Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні таратылған G20 мәлімдемесінде "Үлкен жиырмалық" елдері мен шақырылған мемлекеттер коронавируспен күреске $21 млрд-тан астам қаражат бөлуге міндеттелгені туралы айтылған.
Бұл туралы interfax.ru хабарлайды.
G20 шақырылған елдермен бірге COVID-19 пандемиясымен күресті қолдау мақсатында жаһандық күш-жігерді үйлестіреді. Бүгінгі таңда G20 мүшелері мен шақырылған елдер жаһандық денсаулық сақтауды қаржыландыруды қолдауға $21 миллиардтан астам қаражат бөлуге міндеттелді, - делінген мәлімдемеде.
Құжат "жиырмалықтың" ресми сайтында жарияланды.