COVID-19: Елордада індет жұқтырған 18 адамның жағдайы өте ауыр

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас қаланың Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге 7 стационар жұмылдырылған.</p>

 11 Қаңтар 2022 2022, 16:47
11 Қаңтар 2022 2022, 16:47
1497

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас қаланың Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге 7 стационар жұмылдырылған.

Бүгінде қалада КВИ жұқтырғандарды емдейтін 7 стационар жұмыс істеп тұр. Тиісті 581 инфекциялық төсектің 68-і, оның ішінде, 51 реанимациялық төсек-орын бос. Оттегімен қанықтыру аппараттарының астында 18 пациент өте ауыр жағдайда жатыр, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, елорда жақында «қызыл» аймаққа кірген болатын. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыздығын білдіреді.

Наверх