Covid-19. Елордада 170 мобильді бригада дайын

29 Қыркүйек 2020, 22:22
1392
Бөлісу:
Covid-19. Елордада 170 мобильді бригада дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мобильді бригадалардың жұмысы 5 мың тұрғынға бір бригада есебінен ұйымдастырылады.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елордада коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне ауруханалар мен стационарлар дайындалуда. Брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, Covid-19 асимптоматикалық формасы бар және ауруы жеңіл өтіп жатқан пациенттерді, сондай-ақ емханалардың провизорлық бөлімшелерінің мамандарымен байланыста болған адамдарды қашықтан емдеу  жалғасатын болады.

Мобильді бригадалардың жұмысы үйге барып, жақындарынан ПТР әдісімен КВИ-ге жағынды алу арқылы,  шақыруларға көрсету үшін бес мың тұрғынға бір бригада қызмет етеді. Қалада барлығы 207 мобильді бригада бар. Жедел респираторлық аурулармен ауыратын науқастарды қабылдау бойынша сүзгі-кабинеттердің жұмысы күшейтілді, - деп түсіндірді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, МСАК деңгейінде пациенттерге медициналық көмек көрсету алгоритмі және ЖРВИ және КВИ кезінде қадамдық бағдарлау әзірленді.

Инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызуды қажет ететін пациенттер ағынын бөлу мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында ахуалдық орталық ұйымдастырылды. Чат-бот арқылы 103 қоңырауды өңдеу бойынша жұмыс жалғасуда. Қажет болған жағдайда шақыруларға қызмет көрсету үшін жедел медициналық жәрдем бригадаларының санын ұлғайту жоспарлануда: МСАК ұйымдарында – 70 бригадаға дейін, ЖМКС деңгейінде – 100 бригадаға дейін, барлығы – 170 бригада, – деп түсіндірді Тимур Мұратов.

Айта кетейік, бүгінгі күні қалада инфекциялық науқастарды емдеу үшін 434 ӨЖЖ-аппараты бар.

Бұған дейін хабарланғандай, қажет болған жағдайда 5 мыңнан астам қосымша  төсек-орынды  орналастыру үш кезеңде жүргізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы