Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазақстан өңірлерінде 2020 жылғы 26 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, «Қызыл аймақта» әлі де Атырау облысы тұр. Бұдан бөлек «қызыл аймаққа» Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді.
Ал «сары аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан облысы тұр.
Сонымен қатар «жасыл аймаққа» Қазақстанның қалған өңірлері енді.