Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1860 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 180 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 180 пациент стационарда, 1 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.