COVID-19-ды емдейтін дәрінің адамға қауіп төндіретіні анықталды

18 Қыркүйек 2020, 10:05
1463
Бөлісу:
COVID-19-ды емдейтін дәрінің адамға қауіп төндіретіні анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус кезіндегі асқануды емдеуде қолданылатын азитромицин антибиотигі бірнеше медициналық препаратпен бірге қолданылса, жүрек талмасына әкеліп соғуы мүмкін.

Бұндай ғылыми негіздемені Чикаго қаласы Иллинойс университетінің ғалымдары жасаған, деп хабарлады РИА Новости.  

Мамандар 44 миллионнан астам пациент туралы мәліметті зерделеп, амоксициллин мен азитромицинді қабылдаған бір топ науқастың сараптама нәтижелерін салыстырған.

Белгілі болғандай, егер науқас азитромицин мен жүректің электр импульсіне әсер ететін препараттарды бірге қабылдаса, жүрек қызметінің бұзылыстары 40%-ға ұлғайып, талмаға, жүрек соғысының жиілеуіне, тіпті жүректің тоқтап қалуына да әкелуі мүмкін.

Осындай дәрі-дәрмекке артериялық қысымды реттейтін препараттар, антидепрессанттар, малярияға қарсы препараттар және опиоидтар жатады. 

Бұған дейін америкалық кардиологтар медицина қызметкерлерін жүрек аритмиясын туындататын дәрі-дәрмекті аса сақтықпен тағайындауға шақырған болатын. 

Зерттеу жүргізген ғалымдардың сөзінше, жанама әсері бар коронавирусқа қарсы препараттардың қатарында хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Ғалымдар бұлардың барлығы жүрек ритмінің бұзылуын туындататынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы