COVID-19. ДСМ мен ұлттық әл-ауқат қоры меморандумға қол қойды

20 Шілде 2020, 15:05
1596
Бөлісу:
COVID-19. ДСМ мен ұлттық әл-ауқат қоры меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

Меморандум аясында "Самұрық-Қазына" қоры 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 500 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 "Авифавир" вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады. 
Бұл шаралардың барлығын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Өздеріңіз білетіндей, жақында Елбасымен кездесу өтіп, онда ол қордың ішкі қорынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырды. Бұл орталықтар халыққа медициналық қызмет көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналатын болады. Аталған жұмысты біз бастап кеттік, қаражатты резервке салдық, - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
ал аукат1.jpeg

 Сөз соңында қор басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен медицина орталықтары бойынша техникалық тапсырма алуды тездетуді, ал аталған қалалардың әкімдерінен тиісті коммуникациялары бар жер учаскелерін бөлуді сұрады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан Қордың көрсеткен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне және жұқпалы аурулардың, оның ішінде коронавирустың өршуіне қарсы күресте ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал еткеніне алғыс білдіреміз. Меморандум қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дер кезінде және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Алексей Цой.



Өзгелердің жаңалығы