COVID-19. ДДСҰ жануарлардан адамға індеттің жұғу жағдайын қадағалауды тапсырды

20 Қаңтар 2022, 20:23
1644
Бөлісу:
COVID-19. ДДСҰ жануарлардан адамға індеттің жұғу жағдайын қадағалауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ коронавирус инфекциясының адамдар мен жануарлар арасындағы жұғу жағдайларын жіті қадағалауды тапсырды. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Ұйым мамандары әлем елдерін сәйкес эпидемиологиялық тексерулер жүргізуге шақырып отыр. Осылайша, вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін жануарларға мақсатты түрде эпидқадағалау жүргізу  қажет.

COVID-19-дың жануарлар арасында таралуы мен эволюцияға ұшырауы туралы ақпарат алмасу мен бақылау олардың жаңа нұсқасының шығуын дер кезінде анықтауға көмектеседі дейді мамандар. Сондай-ақ вирустың эпидемиологиясын танып, адам денсаулығына төндіретін қатерді де айқындауға болады.

Өзгелердің жаңалығы