COVID-19 бен пневмониядан 7 адам көз жұмды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда.</h4>

 4 Қараша 2020 2020, 09:00
4 Қараша 2020 2020, 09:00
1465

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Наверх