Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әлі де ушығып тұр. Осыған байланысты денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау, эпидемиологиялық жағдайды талдау, COVID-19 профилактикасы мен емдеудің тиімділігін арттыру үшін барлық қолжетімді ресурстарды іске қосты.
Өскемен, Риддер және Шемонаиха ауданының инфекциялық стационарларында 19 қарашадан бастап жұмыс тобының құрамында «СМУ» КеАҚ Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к., жоғары санатты дәрігер Имдат Эфендиев және Анестезиология, реаниматология және наркология кафедрасының ассистенті Дәулет Төкенов пациенттердің жағдайына талдау жасауда.
19 қарашадан бастап мобильді бригадалардың құрамында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі облыстық ахуалдық орталық жұмысына ЖОО-ның 30 дәрігер-интерні қосымша тартылды. Жұмыстар Денсаулық сақтау басқармасы мен ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарымен бірлесіп жүргізілуде. Бұған дейін, 4 қарашадан бастап бұл жұмысқа Өскемен филиалының 10 қызметкері мен студенттері тартылған болатын.
Сондай-ақ, университеттің бес кафедрасы COVID-19 жұқтырған науқастар арасында өлім жағдайларына талдау жүргізеді. Жұмыс Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармаларымен тығыз байланыс және өзара іс-қимыл негізінде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта инфекцияны анықтау мен алдын-алу бағытындағы жұмыстарға «СМУ» КеАҚ-ның 144 қызметкері мен студенттері, оның ішінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мамандары, интерндер, резиденттер, магистранттар мен докторанттар жұмылдырылған.