Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 22 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
20 сәуірде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 123 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 74 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52148, 761 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50913 жетті.