COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 543 науқас анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның&nbsp;543&nbsp;жағдайы және&nbsp;2&nbsp;өлім жағдайы тіркелді.</h4>

 30 Тамыз 2020 2020, 10:18
30 Тамыз 2020 2020, 10:18
1616

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 543 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

32 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 658, 284 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 549 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 968 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 33 жеткіншек бала бар. Стационарларда 3 843 науқас жатыр. 4 125 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 
Жалпы науқастардың арасында 213 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратөан хабарламада.

Наверх