Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 1 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32 979, 355 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 242-ге жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 59 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр. 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.