Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады.
Бас санитар Қазақстан азаматтарын короновирусқа қарсы вакцинациялау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады.
Коронавирус инфекциясын халық арасында таралуын болдырмау мақсатында қаулы етемін, - деп басталған Қиясовтың қаулысы.Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықтың коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация» әдістемелік ұсынымдары бекітілді. Сонымен қатар коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вакциналарды сақтау және тасымалдау туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілетін болды.
Бірінші кезекте вакцина алатындардың қатарында:
- медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері
- мұғалімдер
- учаскелік полицейлер
- студенттер
- медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті
- қызметкерлері
- Төтенше жағдайлар қызметтері, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
- ҚР Президенті Іс басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері
- созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі).
Қаулының толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.
Айта кетейік, елімізде жаппай вакцинациялау жұмыстары 1 ақпанда басталады.