COVID-19. Әзірге нақты шектеулер енгізілмейді – Тоғжанов

15 Шілде 2022, 16:34
1335
Бөлісу:
COVID-19. Әзірге нақты шектеулер енгізілмейді – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажанов эпиджағдайға байланысты әзірге нақты шектеулер енгізілмейтінін айтты.

Бүгінгі күнде эпиджағдай былтырғыдай қиын емес. «Стелс- омикрон» 3,6 пайызға төмен. Бүгінгі медицина саласындағы түсетін ауыртпалық 18 пайыз деңгейінде. Ауырған азаматтардың 90 пайызында жеңіл түрде өтіп жатыр. Осының бәрін ескере отырып, нақты үлкен шектеулер енгізілмеді. Бірақ вакцина салдыру мен ревакцинацияны жалғастыру және санитарлық-эпидемиологиядық тәртіптерді жетілдіреміз. Ол міндетті түрде керек, -деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар бүгін Денсаулық министрі Ажар Ғиният СOVID-19 бөлінген бюджет былтырғымен салыстырғанда алты есе аз деп отыр.

Сырқаттанудың көтерілуін ескере отырып, аладын алу шараларын сақтау керек екенін тағы да халықтың есіне салғым келеді. COVID-19-ға қарсы вакцинацияның немесе қайта вакцинацияның толық курсын уақтылы алу; науқастармен байланыста болған жағдайда қоғамдық орындарда, көлікте, масканы пайдалану; жабық үй-жайларда адамдар көп жиналатын орындарға бармау; бөлмені үнемі желдету; қолды сабынмен жиі жуу; науқас адамдармен қарым-қатынас жасамау; жөтелу және түшкіру кезінде бір рет қолданылатын салфетканы қолдана отырып, мұрын мен ауызды жабу; көзді, мұрынды және ауызды кір қолмен ұстамау, - деді Ажар Ғиният орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 
 

Өзгелердің жаңалығы