Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында Болат Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхананың ашылғанын жазды.
COVID-19-ды анықтау үшін күш салудамыз. Болат Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхана ашылды. Жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасының мүшелері; мүмкіндігі шектеулі адамдар, жоспарлы емдеуге жатқызылатын емделушілер және 50 жастан асқан, тыныс алу органдары мен эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұрған науқастар, эпидемияға қарсы іс-қимылға қатысатын қауіп тобындағы адамдарға тегін тест жүргізіледі, - деп жазды әкім.
Модульдік кешен күніне мың зерттеу жүргізуге қауқарлы. Алдағы уақытта бес мыңға дейін арттыру мүмкіндігі бар.
Бұл — қаладағы жетінші зертхана. Б. Өтемұратовқа және оның барлық командасына COVID-19-бен күреске қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, - деп жазды Сағынтаев.