COVID-19. Алматыда оқушылар арасындағы ахуал қандай?

7 Қазан 2021, 13:45
9126
Бөлісу:
COVID-19. Алматыда оқушылар арасындағы ахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. COVID-19-дың алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында Алматы мектептерінде санитариялық-эпидемиялық іс-шаралар кешені өткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров айтты.

Оның айтуынша, Алматыда 75 мектеп бір ауысымдық, 194 мектеп екі ауысымдық, 1 мектеп үш ауысымдық режимде жұмыс істейді.

Қалада 1 қыркүйектен бастап офлайн форматта 287 265 оқушы оқиды, оның ішінде КВИ инфекциясының 1287 жағдайы тіркелген. Онлайн режимде 19 128 оқушы оқиды, оның ішінде 1039 КВИ жағдайы, барлығы 2326 жағдай тіркелген. Офлайн форматта оқитын оқушылар арасында КВИ жұқтыру саны онлайн режимде оқитын оқушылар арасында жұқтыру жағдайынан 12 есе төмен, өйткені мектептерде шектеу шаралары орнатылған, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына бақылау жүргізіледі, - дейді ол.

Сонымен қатар әкім орынбасары мектеп оқушыларының арасында індет қарқыны баяулағанын айтты.

Жалпы, оқушылар арасында КВИ дертін жұқтырудың төмендеуі байқалады, егер тамыз-қыркүйек айларында тәулігіне КВИ жұқтырудың 100-ден астам жағдайы тіркелсе, қазіргі уақытта КВИ 38-46 жағдайға дейін төмендеді, - дейді Алматы әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы