Cоvid-19: Алматыда 7 медицина қызметкерінен анықталды

19 Сәуір 2020, 15:05
985
Бөлісу:
Cоvid-19: Алматыда 7 медицина қызметкерінен анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда Cоvid-19 коронавирустық инфекцияcын жұқтырған 513 науқас тіркелді.

Қалада жаңадан 8​ жағдай анықталды. 6-уы Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, біреуі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері және біреуі провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан, бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған пациент. Жалпы инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, коронавирустық инфекциядан 427 адам емделуде, - делінген хабарламада.
3 пациенттің жағдайы – өте ауыр, 6-уының жағдайы – ауыр, 121 адамның жағдайы – орташа ауыр дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда.

80 пациент коронавирустық инфекциядан жазылып,  емдеуден шығарылды.

Провизорлық госпитальдарда​ - 278 адам, карантиндік оқшаулауда​ –​ 431, үй карантинінде​ 9687 адам бар.



Өзгелердің жаңалығы