COVID-19: Алматы облысында науқастар саны 2 адамға артты

18 Сәуір 2020, 16:44
1760
Бөлісу:
COVID-19: Алматы облысында науқастар саны 2 адамға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 2 адамға артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олар Еңбекшіқазақ ауданының 1991, 1998 жылы туған тұрғындары. 2 азаматтан алынған зертханалық тексеру кезінде олардың анализ нəтижелері оң болып шыққан, - деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметінен.   

Қазір пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының инфекциялық стационарына жатқызылды. Олармен бірге бір үйде 4 адам болғаны анықталды.  Аталған азаматтар 15 сəуірден бері үй карантинінде болған. Оларға жасалған COVID-19 вирусологиялық зерттеуі теріс нəтиже көрсетті.



Өзгелердің жаңалығы