COVID-19: Алматыға гуманитарлық көмек аясында дәрі-дәрмек жеткізілді

7 Қазан 2020, 19:38
1230
Бөлісу:
COVID-19: Алматыға гуманитарлық көмек аясында дәрі-дәрмек жеткізілді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанға COVID-19 дәрі-дәрмектері жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігіне оларды сатып алуға және жеткізуге «Шеврон» компаниясы көмек көрсеткен.

 «Шеврон» корпорациясының бастамасы аясында COVID-19 пациенттерін емдеуге қажетті дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы Алматы қаласына жеткізілді. Аталған компания бұл медициналық дәрілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көрсетілген гуманитарлық көмек аясында сатып алып жеткізді.

«Шеврон» компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін үнемі танытады. Сіздер Қазақстандағы өзекті мәселелерге ешқашан бейжай қарамайсыздар. Сіздерге елімізге көрсеткен гуманитарлық көмек үшін, дәрілер үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстандағы коронавирустық инфекция мен пневмония індетінің таралуын біз бірігіп тоқтата аламыз, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Осы шара Қазақстан Республикасына COVID-19 індетімен күресуге көмектеседі. Мемлекеттің пандемияға қарсы күресіне көмектесу үшін «Шеврон» Денсаулық министрлігімен бірлесе отырып Қазақстанға аса қажетті дәрі-дәрмектер тізімін құрды.

«Шеврон» компаниясының атынан мен Алматы қаласына дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы келгенін қуанышпен хабарлаймын, олар Қазақстан емханалары мен ауруханаларындағы пациенттерге жеткізілетін болады. Осы қайырымдылық жобамыз арқылы біз Қазақстан халқына осындай күрделі уақытта қолдау көрсеткіміз келеді, – дейді Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц.

Дәрі-дәрмектерді жеткізумен қатар бұл бағдарлама медициналық жабдықты сатып алу мен жеткізуді және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін COVID-19 індетіне шалдыққан адамдарды емдеуді оқытуды қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы