COVID-19: АҚШ-та бір аптада 16 мыңға жуық адам көз жұмды

9 Желтоқсан 2020, 22:52
1075
Бөлісу:
COVID-19: АҚШ-та бір аптада 16 мыңға жуық адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та өткен аптада коронавирустан 15 658 адам көз жұмды. Бұл сәуірден бері тіркеліп отырған ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір аптадан аз уақыт ішінде індет жұқтырғандар саны бір миллионға артқан. Ал мамандар «сұмдықтың бәрі алда» дейді. Өйткені Рождество мейрамы мен жаңажылдық мерекелер кезінде деректер саны айтарлықтай артуы мүмкін деген күдік бар. Осы ретте жаңадан сайланған президент Джо Байден коронавируспен күрес жүргізу бойынша өз жоспарын ұсынды. Ол президенттігінің алашқы 100 күні ішінде вакцинаның 100 миллион дозасы жасап шығарылатынын жария етті. 

Маска тағу. Екпе салу. Және балаларды мектепке қайтару. Менің президенттігімнің алғашқы 100 күніне арналған 3 жоспар осындай. Маска тағу тәртібі күшейтіледі. Америка халқы үшін кемі 100 миллион доза вакцина жасап шығарылады. Және балалардың қауіпсіздігіне алаңдамай, мектепке оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл ретте бізге Конгрестің көмегі қажет, - деді АҚШ-тың жаңа сайланған  президенті Джо Байден. 
Өзгелердің жаңалығы