COVID-19. АҚШ аумағының 1 пайызы ғана індеттен қауіпсіз

8 Қыркүйек 2021, 15:45
7651
Бөлісу:
COVID-19. АҚШ аумағының 1 пайызы ғана індеттен қауіпсіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ-та округтердің 95 пайызы COVID-19 инфекициясын жұқтырған. Бұл туралы The Hill хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, штаттардың тек 2 пайызы індет таралуының төменгі деңгейін көрсетіп отыр. АҚШ аумағының 1 пайызы ғана инфекциядан қауіпсіз болып есептеледі.

Індеттің көбеюі вирустың жаңа мутациясы «дельта» штамына байланысты жылдам таралып отыр.

Өткен аптада Ақ үйдің COVID-19 таралуына қарсы үйлестірушісі Джефф Зинтс биліктің вакциналар өндірісіне, оның ішінде коронавирусқа қарсы шамамен 3 млрд доллар бөлу ниетті екенін хабарлады.

ДДСҰ маманы Мария ван Керкховтың мәлімдеуінше, әлем коронавирус инфекциясының ауыр кезеңінен өтті, бірақ COVID-19 таралуына қатысты жағдай әлі де алаңдатып отыр.

ДДСҰ өкілі коронавирустың әлі де үлкен күш-қуаты мен әлеуеті бар екенін ескертті. Керкховтың сөзінше, вирус жұқтыру саны азайғанымен, апта сайын шамамен 4,5 миллион жаңа жұқтыру деректері тіркеледі, ал өлім саны аптасына 68 мыңға жетіп отыр.

Біз бүкіл әлемдегі жағдайларға қатысты вирус жұқтырудың ең ауыр кезеңдерінен өттік, алайда бұл өте жоғары деңгейде тұр. Апта сайын 4,4-4,5 миллион жағдай анықталады және бұл нақты жағдайлардың санынан аз, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ДДСҰ өкілі «әр аймақта жағдай әртүрлі» екенін айтты. Мысалы, Солтүстік және Оңтүстік Америкада COVID-19 жұқтыру мен өлім саны өскені байқалады, ал Еуропада жаңа жағдайлар азайса да, өлім деңгейі төмендемей жатыр.

Жапонияда індетті өршітпеу мақсатында елде төтенше жағдай жариялады

Жапон билігі эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты елдің бірқатар өңірлерінде төтенше жағдай уақытын ұзартпақшы. Бұл туралы NHK телерадиокомпаниясы мәлім етті.

Жергілікті баспасөзде хабарлағандай, тиісті шешім 9 қыркүйек күні Жапония премьер -министрі Ёсихидэ Сугидің коронавируспен күрес жөніндегі үкіметтік штаб өкілдерімен кездесуден кейін ресми түрде қабылданады. «Ерекше жағдай» елдің кем дегенде төрт аймағында осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін сақталады деп күтіледі.

Сонымен қатар ел билігі аймақтарындағы төтенше жағдай режимі белгілі бір критерийлерді ескере отырып жойылатынын атап өтті. Аталған критерийлерді алдағы уақытта ахуалға байланысты хабарлап отыратынын жетікізді.

Сербияда бір тәулікте 5 мың адам індет жұқтырды

Соңғы тәулік ішінде Сербияда 5 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Мұндай мәліметтерді Сербияның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Белград қаласының маңайындағы Батайницадағы КВИ-ді жұқтырған науқастарды емдейтін ең ірі клиника қазіргі уақытта 700 астам науқастарды қабылдауда. Аурухана директоры Татьяна Аджич-Вукичевич RTS телеарнасына берген сұхбатында, қазіргі таңда ең ауыр жағдайлар тіркеліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, инфекция 20 жастан төмен балаларға жұғуы жиі анықталып келеді. Елде бұл жастағы балалардың көбі вакцинаға қарсы екпе алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Балқан елдерінде коронавирустық эпидемияның жаңа толқын басталып кетті. Індет тамыз айындағы туристік маусым кезінде тез таралған.

Өзгелердің жаңалығы