Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 044 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 950 науқас жатыр. 1 094 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген хабарламада.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар 241 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. Бір тәулік ішінде 25 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 34 384, өлім жағдайлары - 364, барлығы 27 597 адам сауығып шықты, – делінген ДСМ хабарламасында.