Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ 14 қаңтардағы ел бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Аталмыш матрицасының деректеріне сәйкес, Ақмола мен Қостанай облысы «қызыл» аймақта.6 өңір «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары.
Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.
Естеріңізге сала кетейік, Республика «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқан болатын.