COVID-19. 579 адамның жағдайы ауыр

7 Маусым 2021, 09:00
2121
Бөлісу:
COVID-19. 579 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 маусымдағы ақпаратты жариялады.

7 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 600 адам коронавирус инфекциясынан (–23 703 КВИ+ және 897 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 724 пациент стационарда, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 579 адамның жағдайы ауыр,
• 120 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 78 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

5 маусымдағы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55804, 933 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51518-ге жетті.

COVID-19. 579 адамның жағдайы ауыр

Өзгелердің жаңалығы