Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 сәуірдің 17:50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 1, Алматы қ. – 20, Қарағанды облысында – 1, Ақтөбе облысында – 9, Жамбыл облысында – 9, Алматы облысында – 3, Қызылорда облысында – 1, - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 423 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында - 103 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 88 адам, Шымкент қаласында - 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 68 адам, Ақтөбе облысында - 43 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 50 адам, Маңғыстау облысында - 19 адам, Қызылорда облысында - 159 адам, Батыс Қазақстан облысында - 86 адам, Түркістан облысында - 77 адам, Қостанай облысында - 36 адам, жалпы 2251 науқас тіркелді.