COVID-19. 247 жолаушы анықтамасыз келген

4 Ақпан 2021, 11:50
1167
Бөлісу:
COVID-19. 247 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 143 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 896 адам, анықтамасыз 247 ҚР азаматты келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 622 жолаушы, анықтамамен - 586, анықтамасыз - 36;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 517 жолаушы, анықтамамен - 306; анықтамасыз - 211;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 2 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 191 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы