COVID-19. Қанша қаражат бөлінді?

7 Шілде 2020, 13:26
1923
Бөлісу:
COVID-19. Қанша қаражат бөлінді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Коронавирустық инфекциямен күрестегі өзекті сұрақтар» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекциямен күреске бөлінген қаражат турасында айтты.

Оның мәлімдеуінше, коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық сақтау министрлігіне жалпы сомасы 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінген.

Оның 40 миллиард 58 миллионы үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионы жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, 2 миллиард 30 миллионы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуға, 2,5 миллиард теңгесі зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер сатып алуға бөлінген. 100 миллион теңге коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында жасалатын әзірлеу және шығару реагенттер жиынтығын сатып алу қызметтері жобасына бөлінді, - деді ол.

Министр сонымен қатар, ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер көрсету қызметтеріне 13,7 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

310 миллион теңге жедел жәрдем автомобильдерін жарақтандыру үшін отандық өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарын сатып алуға, 131 миллион теңге азаматтарды  эвакуациялауға бөлінді. Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді. Оның 19,5 миллиард теңгесі инфекциялық, провизорных және карантиндік стационарлар сияқты медициналық ұйымдар көрсетілетін медициналық қызметтерге, 40,4 миллиард теңге карантиндік іс-шараларды өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға бөлінді.  Ал, инфекциялық ауруларды орналастыру үшін үш жылдам салынатын кешен құруға 14,8 миллиард теңге бөлінді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы