COVID-19. 194 пациенттің жағдайы өте ауыр

11 Қазан 2021, 08:52
5434
Бөлісу:
COVID-19. 194 пациенттің жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 қазандағы ақпаратты жариялады.

11 қазандағы мәлімет бойынша, 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (–46 626 + және 7 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 696 адамның жағдайы ауыр, • 194 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ал коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 42 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 112 адам емделіп шықты. 13 наурыздан (2020 жыл) барлығы: ауырғандар - 77247, 4914 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 65 208-ге жетті.

COVID-19. 194 пациенттің жағдайы өте ауыр


Өзгелердің жаңалығы