COVID-19. 190 мыңға жуық канадалық төленген жәрдемақыны қайтаруы тиіс

11 Маусым 2020, 10:27
1305
Бөлісу:
COVID-19. 190 мыңға жуық канадалық төленген жәрдемақыны қайтаруы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы 10 маусым күні канадалық салық қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Канада үкіметі жаңа коронавирус пандемиясына байланысты ел тұрғындарына және ұлттық экономикаға көмек көрсетудің түрлі бағдарламаларына жалпы сомасы 107 млрд Канада долларын бөлген болатын.

Коронавирус салдарынан зардап шеккендерге арнайы көмек қорын заңсыз пайдаланған Канаданың 190 мыңға жуық тұрғыны оларға төленген жәрдемақыны қайтаруы тиіс. 

Наурыздан маусымға дейін пандемия салдарынан табысынан айырылғандардың әрқайсысына екі мың канадалық доллар төленді. Алайда, бұл азаматтардың бір бөлігі қайтадан жұмысқа шығып, бірақ бұл туралы билікке хабарламаған. 8,4 млн канадалық тиісті төлемге ие болды.

Жалпы, Канадада COVID-19 инфекциясы алғаш рет 15 қаңтарда тіркелді, қазіргі уақытта 97 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 8 мыңға жуық адам қайтыс болған. Ал 56,6 мыңнан астам адам емделді.

Бұған дейін хабарланғандай, Канада зейнеткерлері 300-500 аралығында канада долларын (шамамен 220-370 АҚШ доллары) бір жолғы төлем ретінде алды.

Еске сала кетейік, Канада бір ай ішінде 2 млн жұмыс орнын жоғалтты. 7,5 млн-нан астам канадалық жұмысқа орналастыру бойынша қандай да бір федералдық көмек алуға өтініш берген.
Өзгелердің жаңалығы