COVID-19: 13 науқастың жағдайы аса ауыр

4 Қазан 2020, 09:21
1410
Бөлісу:
COVID-19: 13 науқастың жағдайы аса ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19: 13 науқастың жағдайы аса ауыр

Өзгелердің жаңалығы