Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 мамырдағы мәлімет бойынша, 36 617 адам коронавирус инфекциясынан (36 108 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 452 пациент стационарда, 23 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 761 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 18 мамырдағы мәлімет бойынша 124 жаңа жағдай тіркелді, 70 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 54 277, 52 903 адам сауығып шықты.