Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Бүгiн, 14:05
195
Бөлісу:
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
PHOTO

Астанада халықаралық Comic Con Astana фестивалі өтіп жатыр. Бүгін фестивальдің екінші күні. Жалпы, Comic Con фестивалі дегеніміз қандай шара? Онда кімдер қатысады? BAQ.KZ тілшісі фоторепортаж ұсынады.

Comic Con – көбіне жастар арасында қалыптасқан жаңа мәдениет. Ол комикс, кинематография, видео ойындар, аниме және тағы басқа туындылардың арқасында қалыптасты. 

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Халықаралық іс-шарада әлемдік студиялар алаңға өздерінің интерактив және ойын-сауық стендтерін ұсынады.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі бар. Оның жүлде қоры 12 000 000 теңгені теңге болатын халықаралық косплей байқауы болмақ. Оған қатысуға 14 елдің косплейшілері өтініш білдірді.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, БАӘ, Қытай, Гүржістан, Черногория, Ұлыбритания, Армения, Кипр және Тайланд.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Косплей байқауының қазылар алқасының құрамында Даниядан келген дарынды косплейші және костюм шебері Trine, халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Франциядан келген косплейші Cinderys сонымен қатар салада 8 жылдық тәжірибесі бар косплейші, Comic Con Astana 2023 косплей байқауының жеңімпазы Keller бар.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы уақытқа дейін фестивальдің 50 мыңға жуық билеті сатылып кеткен. Іс-шара тек косплейшілерге арналмаған. Мұнда комикстер аллеясы, қолтаңба-сессиияларда болады. Онымен қоса, әншілер мен би топтарының өнерін тамашалай аласыз.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Фестиваль алаңынан түрлі кейіпкерлерді көруге болады. Мәселен, бірер күн бұрын шыққан Дэдпул мен Росомахадан бастап, аниме косплейшілеріне дейін бар. Олардан қазақ комиксі қалыс қалған жоқ. Алаңнан қазақ шапан киген немесе ұлттық киімдеріміз мен фильмдерімізді насихаттап жүргендер аз емес.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

2024 жылы фестивал хедлайнерлерінің бірі «Ганнибал» сериалымен, сондай-ақ «Доктор Стренж», «Казино Рояль», Rogue One: A Star Wars Story, IndianaJones and the Dial of Destiny фильмдерімен танымал болған дат актері Мадс Миккельсен болмақ.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Фестивальдің арнайы қонақтарының арасында видеоблогер Chuck Review, Anastasiz және Ян Топлес, дубляж актерлері Всеволод Кузнецов, Петр Гланц, Ислам Ганджаев, Егор Васильев, суретші-иллюстратор Джуни (Djuney9) бар.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?

Бүгін косплейшілердің алдында арнайы қонақтар - блогер Ян Топлес және дубляж актері Петр Гланц шықты. Олар өз көрермедерімен кездесіп, автограф берді. Жиналған көрерменнің сөзінше, ресейлік блогердің ғылыми контенті елімізге жетіспейді. Ал, оның жеткізу мәнері мен стилі ерекше деңгейде. Ал, қазір Петр Гланцтың атағы жер жарып тұр. Себебі, бір күні Дэдпул мен Росамаха киносы шықты. Фильмдегі басты, харизмаға толы кейіпкердің дубляжын Гланц сомдайды.

Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Comic Con. Астанада косплейшілер бәйгесі қалай өтіп жатыр?
Өзгелердің жаңалығы